Жаңалықтар

«Отшашу атылды деп ойладық»: Берденов ісі бойынша сотта куәгерлер жауап берді

Руслан Берденов официально покинул пост сопредседателя партии Respublica
Берденов ісі бойынша куәгерлер жауап берді/фото: Берденовтің facebook парақшасынан

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот отырысында Берденовке бірінші болып көмекке келген Гауһар Нұржанқызы куәлік етті.

Гауһар Нұржанқызы оқ атылған кезде қала әкімдігінің автотұрағында көлікте отырған екінші қыз. Оның сөзінше, оқ атылғанда, отшашу шашылды деп ойлаған. Құрбысы оның денесін жауып, оқ атылды деп полицияға хабарлаған. Оқ ату тоқтағанда, жараланған Берденовтің жанына көмекке барған.

«Біз жараланған адамның алдына (Берденовтің айтады – ред.) барғанда жан-жағында ер адамдар жүрді. Қимылдама, қимылдама деп жатты. Ол кісі үнемі калимасын айтып жатты. Бір кезде есінен тана бастады. Екінші адамды (Жиембайды айтады – ред.) ұстап алған екен. Ол да жерде жатты. Шамамен жиырма метр жерде болды. Бір қарағанда, ол айқайлады. «Сені өлтіремін. Ол менің туған әйелім еді ғой. Сенің кесіріңнен ажырасып жатырмын» деді. Полиция мен жедел жәрдем қызметі тез келді. Ал қарудың көгалда жатқанын көрдім», – деді куә.

Гауһар Нұржанқызы басында куә болудан бас тартқан. Ол мұны оқиғадан шошығанымен түсіндірді.

Екінші куә құрылысшы Бағлан Момыновқа оқиға күні Ернар Жиембай хабарласып, үйіне келуді сұраған. Үйінен қорап алып, көлігіне салған. Бірақ оның ішінде қару болғанын білмеген.

«Ернар Жиембаймен жақын доспыз. Мектептен танимын. Отбасымызбен араласамыз. 21 сәуір күні Ернардың мінезінен өзгешелік байқамадым. Жанымда екінші досым болды. Аңшылыққа барамыз деді. Әкімдік жанындағы мешітке намаз оқуға кірген кезде, қорапты Ернар Жиембайдың көлігіне салғанын білдім. Сөйтіп үйге кеттік», – деді.

Сотта куә Момыновтың үстінен тергеу кезінде қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Момынов тергеуде «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен күдікке ілінген. Бірақ істе қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс қысқартылған.

Куәлардың барлығы өзін фото видеоға түсіруге қарсы болды. Бұған дейін іс бойынша Шымкент әкімдігі қызметкерлері куәлік етті.

Ернар Жиембайдың ісі сотқа Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабы және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бабымен түскен. Іс өндіріске 22 шілде күні қабылданған. Басты сот талқылауы 6 тамыз күні басталған.