Алматы орталығындағы екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы орталығындағы ғимарат сүріліп жатыр/фото: Алматы әкімдігі

Алматы орталығындағы екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр. Қала құрылысын бақылау басқармасы Құрманғазы көшесі, 103 мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі нысанды рұқсат алмастан, тиісті құжатсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды.

2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот шешімін орындау мақсатында жеке тұлға ғимаратты өзі бұза бастады.

Бұған дейін «Алматы паркинг» «Барахолка» аталып кеткен базарлар желісінің автотұрақтарына заңсыз орналастырылған сауда нүктелерін бұзып жатқаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз