Қожағапанов ісіндегі екінші сотталушы изоляторда аштық жариялайтынын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қожағапанов ісі жалғасып жатыр/фото: kursiv.media

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты қылмыстық істегі екінші сотталушы Ләззат Көккөзова тергеу изоляторында аштық жариялайтынын айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Айта кетейік, қылмыстық істе Қожағапанов 3 жылға, Көккөзова 5 жылға сотталған. 2025 жылдың 12 тамызынан бастап іс апелляциялық сатыда қаралып жатыр.

«Сот процесіне қатысуға бара жатқан жолда Ләззат Көккөзова қамауда отырған жерден өттім. Ол кісінің сізге сәлемдемесі бар. Оны жеткізуді азаматтық парызым санаймын. «Ол кісі 5 рет өзін тасымалдау үшін жүгінгенін айтты. Бірақ жауапсыз қалған екен. Егер жеткізбесе, аштық жариялайтынын, тіпті одан да қатаң шараға баратынын жеткізді. Мұндай жағдайда бар жауапкершілік қылмыстық-атқару жүйесіне емес, апелляциялық сотқа жүктелетінін айтты», – деді Қожағапанов.

Сот алқасына төрағалық етуші судья Жарас Арыстанбеков сәлемдемесін ескеретінін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында адвокат Мәкіш Есқараев апелляциялық сотқа Ләззат Көккөзованы да қатыстыруға рұқсат беруді сұрады. Сот алқасы бұл өтінішхатты қабылдамады.

Сондай-ақ оқыңыз