Магистратураға тапсыруға қандай құжаттар керек

Елде магистратураға арналған білім гранттарының конкурсына құжат қабылдау басталды.
Құжаттарды 18 тамызға дейін тапсырып үлгеру керек.
Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен виртуалды қабылдау комиссиялары қабылдайды. Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі testcenter.kz сайтында «Магистратураға түсушілерге» бөлімінде жарияланған.
Магистратура конкурсына қатысу үшін төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:
- жеке куәліктің көшірмесі,
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты;
- шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
Құжат тапсыру кезінде бір мамандық пен үш жоғары оқу орнын көрсетуге болады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал жалпы оқуға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
Биыл магистратураға түсу үшін 49 мыңға жуық адам емтихан тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған.
Бұған дейін, мемлекеттік грант иегерлері оқуды тәмәмдағаннан кейін грантты жұмыспен қалай өтейтіні туралы жазғанбыз.