Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташе қызметкері ұсталғанын растады

Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдары қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстағаны туралы ақпаратты растады.
Хабарламада қазіргі уақытта жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып, Қазақстан азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқаны айтылған.
Екі күн бұрын КазТаг агенттігі Польшадағы Қазақстан елшілігінде әскери атташе көмекшісі «тыңшылық жасады» деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Ақпаратта күдікті тыңшылықпен Украинада айналысқаны айтылған.
Ал Elmedia басылымы өзінің дереккөзіне сүйеніп күдіктінің аты Әнуар екенін, ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері болғанын жазған.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратында ұсталған әскери атташе қызметкері қай елшілікті істейтінін ашып айтпаған.