Салық органы гонорарын қолма-қол алатын әншілердің табысын қалай анықтайды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Салық органы гонорарын қолма-қол ақшамен алатын әншілердің табысын қалай анықтайды
Салық органы гонорарын қолма-қол алатын әншілердің табысын қалай анықтайды/Фото: shutterstock

Қаржы министрі Мәди Тәкиев KursivMedia журналисіне тойдан миллиондап табатын әншілердің табысын арнайы органдар қалай анықтайтынын түсіндірді.

Журналист пен министр арасындағы әңгімесі төмендегідей өрбіді:

– Сіз жаңа әншілердің салық төлейтінін айттыңыз. Бірақ шын мәнінде олар гонорарды қолма қол ақшамен алатынын білесіз бе?

– Иә.

– Сонда сіздер қай әншінің қай тойда жүргенін, млн-дап ақша алып жатқанын қалай білесіздер? Қаншалықты бақылайсыздар?

– Оны қалай бақылауға болатынына қатысты жалпы бірнеше тәсіл бар. Мысалы, біз тойды кім жасап жатқанын білеміз, хронометраж бар бізде. Сол арқылы салық органдары біледі.

Екіншіден, әнші (гонорарды) қолма-қол ақшамен алған соң оны бір жаққа жұмсауы керек қой. Үлкен үй, машина алады. Сол кезде «ақшаны қайдан алдыңыз» деген сұрақ туындайды. Сол кезде салық төлеуі керек болады.

– Әншілерден осылай талап еткен жағдайлар болды ма?

– Иә, әншілер болды. Мен сізге 854 блогер туралы айттым. Оның ішінде әншілер де бар.

Министр «айттым» деп салық декларациясын тапсыруы керектігі жөнінде ескерту жіберілген «845 блогер» туралы сөз етіп тұр. Оның ішінде 620 блогер жалпы құны 18,141 млрд теңгеге қосымша декларация тапсырған. Тағы 234 блогермен жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ жеті блогермен ведомство арасында сот процесі жүріп жатыр. 

Бұған дейін, Тәкиев онлайн концерттен табыс тапқан жұлдыздар салықты қалай төлейтінін айтып берген.

Сондай-ақ оқыңыз