Брэд Питт, Николь Кидман, Оливье Жирудің үйін тонаған қылмыстық топ ұсталды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында танымал адамдардың үйін тонаған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталғандардың төртеуі де жасөспірім.
Le Parisien ақпаратына қарағанда, тоналған үйлердің бірі әлемге мәшһүр америкалық актер Брэд Питтке тиесілі болып шықты.
Жергілікті полицияның ақпаратына қарағанда, ұрылар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болып шыққан. Полиция тоналған үйдің бірі Брэд Питтке тиесілі деп атын-атап, түсін түстемеген. Бірақ, полиция ұрылар тонаған үйдің адресін атаған. Бұл үйді Брэд Питттің 2023 жылы сатып алғаны анықталып отыр.
Бұл қылмыстық топ атақты адамдардың үйлерін тонап келген. Олардың ішінде атағы жер жарған актерлер мен кәсіби спортшылары да бар. Ұрылардың үйін тінтіген кезде, ұрланған заттар табылған.
Айта кететін жайт, биыл Николь Кидман мен Кит Урбанның және «Лос-Анджелес Доджерс» питчері Ёсинобу Ямамото мен атақты француз футболшысы Оливье Жирудің де үйіне ұры түскен.
Мұның алдында динозаврлардың Брэд Питті басып озғаны туралы жазған едік.