Гүлзира Айдарбекова 50 млн тұратын Lexus көлігі мен 10 млн теңгені ұтысқа тікпек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Гүлзира Айдарбекова мұны «жұлдызды эфир» деп атады / фото: instagram
Гүлзира Айдарбекова мұны «жұлдызды эфир» деп атады / фото: instagram

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі өнімін саудалау үшін 50 млн тұратын Lexus көлігі мен 10 млн теңге ұтыс ойнатпақ.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы ұтыс ойынын 17 тамызға белгіліп отыр. Гүлзира Айдарбекованың сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде 5 000-нан астам қазақстандық әйелдер оның шампунь-бальзамын алуға әзір. Бір мәрте айтқан өтінішіне осыншама нәзікжанды ойынға тіркеліпті.  

«Бұл өнімім үшін қаншама еңбегімді, махаббатымды, абыройымды салып жасағалы отырмын», – деп, сусабынын тікелей эфир арқылы сатып алуға шақырып отыр.

Гүлзира Айдарбекованың сөзіне қарағанда, бұл «Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жұлдызды эфирге» дайындықты бастап кеткен.

Қазақстан заңы бойынша, салығын төлесе, әлеуметтік желі арқылы мұндай ұтыс ойындарын өткізуге тыйым жоқ. Десе де, ислам діні мұны құптамайды. Өйткені, бұл да құмар ойындарының бір түрі болып есептелінеді.

Мұның алдында онлайн концерттен табыс тапқан жұлдыздар салықты қалай төлейтіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз