Кем дегенде 11 млрд – Дженнифер Лопес тамыз айында Қазақстанға қанша пайда әкелді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дженнифер Лопес тамыздағы концерті арқылы Астанаға - 6,5 млрд теңге, Алматыға 5 млрд теңге теңге табыс әкелген / фото: КursivMedia мұрағаты
Дженнифер Лопес тамыздағы концерті арқылы Астанаға – 6,5 млрд теңге, Алматыға 5 млрд теңге теңге табыс әкелген / фото: КursivMedia мұрағаты

Дженнифер Лопес тамыз айының басында Астана мен Алматыда концерт берді. Өзбекстан астанасы Ташкентте де өнер көрсетті.

Бұл мәдени шара Қазақстанға жоқ дегенде 11 млрд теңге әкелуі мүмкін.

Астанада өткен концертке 30 елден көрермен келгені айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт билеттің, ұшақтар мен пойыздардың шығынын есепке алмағанда, Астанаға шамамен 6,5 млрд теңге немесе 11,6 млн АҚШ доллары көлемінде пайда әкелуі мүмкін.

Орта есеппен алғанда, билет құны 200 АҚШ доллары болса, ұшақтардың билеті – 310 АҚШ доллары.

Бюджетке 400 млн теңге салық түседі деп күтіліп отыр.

Ал Дженнифер Лопестің Алматыда 10 тамызда өткен концертіне 35 елден  20 мыңға жуық адам келген. Қаланың Туризм басқармасы кем дегенде 5 млрд теңге кіріс кірді деген болжам айтты.

Астана мен Алматыда өткен концерттің болжамды табысын қосқанда 11 млрд теңгеден асып жығылып отыр.

Бұл туризмнің дамуына серпін беріп, қонақүйлер, мейрамханалардың табысын арттырған. Концерт өткен қалалардың бюджетіне қомақты қаржы түсіпті.

Айта кететін жайт, концертті ұйымдастыруға бюджет қаражаты жұмсалмаған.

Өзбекстанның мәдениет және өнер дамыту қорының дерегінше, Дженнифер Лопестің өнерін тамашалау үшін Ташкенттің «Миллий» стадионына 31,1 мың адам жиналған. Сатылған билеттердің 67 пайызын шетелдіктер алған. Билеттер Ташкентте 4,2 млн сомға дейін (шамамен 180 600 теңге) сатылған. Орташа түсім 1,97 млн АҚШ доллары мен 8,28 млн АҚШ доллары арасында деп болжанып отыр.

Өзбекстан бюджетіне 3,3 млн АҚШ долларға жуық қаражат түскен. Яғни, салық түсімі осынша артқан.

Тіпті, Дженнифер Лопес концертіне жалған билет сатқандар да болды.

Сондай-ақ оқыңыз