Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов ажырасқанын айтты

Жарияланды 13 Тамыз 2025 10:40

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: Instagram/baizaakov

Танымал блогер Айжан Байзақованың блогер інісі Әлихан Байзақов жұбайымен ажырасты. Бұл туралы ол инстаграм-парақшасында жазды.

«Осымен нүкте қойғым келеді. Біз ажырастық. Бұл екі жақты келісім болды. Ол адамның менің фамилияма да, отбасыма да қатысы жоқ. Сыйластықпен қарауды сұраймын», – деп жазды ол инстаграм парақшасында.

25 жастағы Әлихан Байзақов былтыр Стефания есімді қызбен мұсылманша некесін қиған еді. Блогердің әлеуметтік желіде 1,2 млн аудиториясы бар. Парақшасында жеке өмірін жариялайды, түрлі гив, ұтыс ойындар өткізеді.

Оның әпкесі Айжан Байзақова да инстаграмда 2,5 млн-ға жуық оқырман жиналған.

Сондай-ақ оқыңыз