Ақ үй Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Ақ үй ресми түрде Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл жайлы Ақ үйдің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Трамптың кандидатурасын Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брайс Олиги Нгема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанданың сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирех қолдады.
Бұған дейін маусымда Трампты Нобель сыйлығына конгрессмен Бадди Картер ұсынған еді. Нобель комитетіне жазған хатында «Трамп Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығысты» тоқтатуда «тарихи рөл» ойнады деп атап өтеді.
Оған дейін Трамптың Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленісті тоқтатуға үлес қосқанын айтып, Исламабад үкіметі де оны Нобель сыйлығына ұсынған еді.
Нобель сыйлығы – әлемдегі ең беделді халықаралық марапаттардың бірі. Оны 1895 жылы швед өнертапқышы, инженер және өнеркәсіп иесі Альфред Нобель (динамитті ойлап тапқан) өз өсиетімен тағайындаған.
Былтыр Нобель бейбітшілік сыйлығын нуклеар қаруды ұмытуға, бейбіт әлем құруға бағытталған, атом бомбасының зардап шегушілерінің куәліктері арқылы әсерлі қозғалыс жүргізгені үшін жапондық «Нихон хиданке» ұйымы, ал 2023 жылы әйелдердің құқықтары мен азаттығын қорғағаны үшін құқық қорғаушы Наргес Мохаммади алған.