Astana Hub Юрий Дудьдің жаңа фильміне жарнама берді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ютуб арнадан скриншот

Astana Hub ресейлік журналист, блогер Юрий Дудьқа жарнама берді. Шетелдік агент атанып, елден кеткен блогер жасанды интеллектке арналған деректі фильмінде елдегі технопарк және оның жобалары жайлы айтады.

«Соңғы жылдары Қазақстанға мыңдаған IT-мамандар көшіп келді немесе қашықтан жұмыс істейді. Ол – негізгі нарықтарға жол ашатын, Еуропа мен ТМД арасындағы көпір. Astana Hub-тың Nomad List рейтингі бойынша, Алматы мен Астана цифрлы көшпенділер үшін ең ыңғайлы деген Топ-50 қала тізіміне енді. Astana Hub Орталық Азиядағы басты IT-Hub деп саналады», – дейді Юрий Дудь жарнамасында.

Ол цифрлық көшпенділерге арналған Digital Nomad Visa мен Digital Nomad Residency таныстырды. Аталған визалар бірқатар IT және креатив индустрия саласындағы мамандарға үш жылға дейін беріледі. Ол визаны алған адамның тегін ЖСН алуына, банк есепшотын ашуға және пәтерді жалға алуға мүмкіндігі бар.

Аstana Hub резиденттеріне салық және визалық жеңілдіктер берілетінін, релокацияға көмек көрсетілетінін де атап өтеді.

Одан бөлек Дудь жалпы көлемі 1 млрд долларды құрайтын Alem Ventures қоры жайлы да айтады. Қор жергілікті және халықаралық венчурлық қорға инвестиция салады, жаһандық инфрақұрылымға, топ акселераторларға қосылуға мүмкіндік береді.

Қазір Дудь түсірген фильм Youtubе-та бір миллионнан аса қаралым жиналды, ал Дудьтің парақшасына 10 млн-нан астам оқырман жиналды.

Бұған дейін Мәскеу прокуратурасы журналист және блогер Юрий Дудьке қатысты қылмыстық қудалау бастаған. Дудь жариялаған хабарламалар мен материалдарында «шетелдік агент» мәртебесін көрсетпеген деп айыптап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз