Қазақстан ОПЕК алдындағы келісімін тағы орындамады

2024 жылдың шілде айында Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 36 мың баррельге азайып, 1,827 млн баррель болды. Ал ОПЕК+ алдындағы келісім бойынша Қазақстан тәулігіне 1,514 млн баррельден асырмауы қажет еді. Бұл туралы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) кезекті айлық есебінде жазылған.
Қазақстанның шілдедегі көрсеткіші биылғы мамырмен салыстырғанда жоғары: мамырда тәуліктік өндіріс 1,781 млн баррель еді. Есепте көрсетілген елдер ішінде мұнай өндіруді Қазақстаннан көп қысқартқан тек Ирак қана болды. Бағдад үкіметі шілдеде 3,902 млн баррель өндіріп, көлемді 51 мың баррельге азайтты.
2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда тәулігіне орташа 1,824 млн баррель, бірінші тоқсанда – 1,758 млн баррель, 2023 жылдың төртінші тоқсанында – 1,417 млн баррель өндірілді. Өндірістің күрт өсуі Теңіз кенішін кеңейту жобасы іске қосылғаннан кейін басталды. Бұл жоба жылдық өндірісті 40 млн тоннаға немесе 12 млн тоннаға арттыруға тиіс.
2024 жылы Қазақстандағы орташа айлық мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,539 млн баррель болды. 2023 жылы бұл көрсеткіш – 1,603 млн баррель еді.
Қазақстан мен ОПЕК+ алдындағы келісімдердің орындалу-орындалмау мәселесі ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатыр. Осы жазда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биыл мұнай өндіру көлемін бұрынғы деңгейде сақтап қала береміз деп мәлімдеген.
Бірақ үкімет ОПЕК+ ұйымымен серіктестіктен де бас тартуға дайын емес. Премьер-министр Олжас Бектенов ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындай алмай жатқанын мойындады. Бірақ келісімнен шықпайтындығын да жариялады.