Сарқандағы ГЭС-те апат болғаны туралы мәлімет тарады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Сарқан ауданындағы Жоғары Басқан ГЭС-і / фото: 7-su.kz
Сарқан ауданындағы Жоғары Басқан ГЭС-і / фото: 7-su.kz

Жетісу облысы Сарқан ауданындағы Жоғары Басқан су электр станциясында (ГЭС) апат болды. Әлеуметтік желілерде судың станция аумағын басып қалғаны туралы видеолар тарады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 12 тамызда кешке болған. Сарқан ауданындағы Екіаша ауылына жақын маңда орналасқан Жоғары Басқан ГЭС-інде апат болған. Ауыл тұрғындары станция аумағын түгел су басып қалғанын, соған байланысты жұмыс тоқтағанын айтқан.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардың бірінен бөгеттен су атқылап жатқанын көруге болады. Су бірден ғимарат пен оның ішіндегі құрылғыларды басып қалған.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері оқиға орнында жүр. Олар станция аумағын қоршап қойды. Судың тасуы түнде ғана тоқтағаны мәлім болды.

Әзірге апат себебі белгісіз.

Жоғары Басқан ГЭС-і қуаты 2,4 МВт болатын шағын электр станциясы. Ол осы өңірдегі бірнеше ауылды жарықпен қамтып отыр. Нысан 2015 жылы пайдалануға берілген.

Сондай-ақ оқыңыз