Валюта бағамы: доллар бірден төрт теңгеге арзандады

Жарияланды 13 Тамыз 2025 15:41

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
валюта бағамы
Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде 1 АҚШ доллары 537,96 теңге болды. Ұлттық валюта бір тәулікте бірден 4,08 теңгеге нығайды. Соған қарамастан, ақша айырбастау мекемелерінде доллар 544 теңгеден сатылып жатыр.

13 тамызда KASE-де валюта саудасы қыза түсті. Түскі сағат 15.30-дағы мәлімет бойынша, шамамен 110 млрд теңгеге, яғни 204 млн долларға валюта саудаланды. Бұл – кешегі көрсеткіштен шамамен 30 млн долларға аз.

Ұлттық банк (ҰБ) валюта саудасына араласып, тағы да интервенция жасады деуге әзірге негіз жоқ. Өйткені шілденің аяғында ҰБ 125,6 млн доллар сатқан күні қордағы валюта саудасының көлемі 400 млн доллардан асып кеткен еді. Соған қарағанда, орталық банк доллардың өсуін тежеудің басқа да әдістеріне жүгінгенді жөн көреді.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер бір долларды 539 теңге шамасында саудалап отыр. Ақша айырбастау мекемелері болса АҚШ валютасын 544 теңгеден сатып жатыр.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 540 теңгеден қабылданып, 541,5 теңгеден сатылады. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам әжептәуір жоғары – 537 және 544 теңге

Сондай-ақ оқыңыз