14 тамыз күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Кей өңірде бұршақ аралас жаңбыр жауады / Фото: kursiv.media архиві

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше 14 тамызда республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел соғуы мүмкін. Батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең кейбір аймақтарда тұман түседі.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерде нөсер жауын болады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде +13…+15 °C, күндіз +21…+23 °C.

Алматыда да күн райы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады деп болжануда. Ал ауа температурасы +32…+34 °C дейін ысиды. Қонаевта – аздаған жаңбыр жауады,  дегенмен күн  +35 °C-қа дейін ысиды.

Алматы және Жамбыл облыстарында күндізгі уақытта +37 °C дейін қатты ыстық  болса,  таулы аймақтарда сәл салқындау,  шамамен +27 °C болады.

 Қазақстанның батыс аймағында ауа температурасы түнде +13…+18°C, күндіз +20…+30°C шамасында болады.

Синоптиктер оңтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел мен ауаның жоғары температурасы сынды қауіпті метеорологиялық құбылыстар болуы мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз