Қазақстанда ет тапшылығы болуы мүмкін бе

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстанда ет тапшылығы жоқ – АШМ / Фото: kursiv.media архиві  

Қазақстанда ет тапшылығы болмайды, керісінше қайта өңделген өнім экспорты артып келеді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясат ел ішіндегі етті мал шаруашылығын дамытуға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға бағытталған.

 «Бізде ет тапшылығы жоқ екенін атап өту керек. Бұған сандар дәлел. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер айтып жүрген шектеуге келсек, оларға шикізатты сату ыңғайлырақ еді. Бірақ біз қайта өңделген өнім, яғни ет түрінде шығатын өнім экспортына көшіп келеміз. Экспорт тек өсіп жатыр. Сондықтан бұл ретте дайын өнім экспортына да, ел ішіндегі мал басын көбейтуге ынталандыруға да бағытталған теңгерімді мемлекеттік саясат жүргізілуде», — деді ол.

Еске салайық Түркістан облысында шаруалар құрғақшылықтың салдарынан жем-шөптің бағасы қымбаттағанын айтып дабыл қағуда. Шаруалар қазір малын сатуға көшкен. Ал базарда мал бағасы қымбаттағаны байқалған. Саудагерлер мұны ет экспортымен байланыстырады. Ал облыс әкімдігі құрғақшылық болып жатқанын жоққа шығармайды.

Сондай-ақ оқыңыз