Түркістанда 43 жастағы әйел үшем босанып, 11 баланың анасы атанды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Түркістан облысында үшем өмірге келді / Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысында 43 жастағы көпбалалы ана үшем босанып, 11 баланың анасы атанды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын құрсақты ана №1 перинаталдық орталықта босанған.

«Шардара ауданының тұрғыны Орынкүл Нұрабаева салмақтары 2265, 2455 және 2405 грамм болатын үш ұлды дүниеге әкелді. Нәрестелер мерзімінен ерте туғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды. Енді Орынкүл 11 баланың анасы атанды», – деді әкімдік өкілдері.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Жыл басынан бері бұл медициналық мекемеде 4050 сәби дүниеге келген, олардың қатарында 72 жұп егіз бар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 271 балаға көп.

Осыған дейін Шымкентте де үшемдер дүниеге келген еді. 24 жастағы Феруза Рахимова сәбилерін жүктіліктің 31 аптасында босанды.

Сондай-ақ Маңғыстаулық әйел 35 жасында он екінші баласын дүниеге әкелген еді.

Сондай-ақ оқыңыз