Bek Air ұшағының апаты: марқұм екі ұшқышқа қандай айып тағылған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Bek Air ұшағының апатына байланысты сот өтіп жатыр/фото: shutterstock

Алматыда Bek Air әуекомапниясының апаттан кейін қайтыс болған екі ұшқышына қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Алматы маңында Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады.

Bek Air ұшағы апатқа ұшырады

Алматыдан елордаға шыққан ұшақ таңғы 07:22 кезінде бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі Марат Мұратбаев та бар.

Екінші ұшқыш Мейіржан Молдақұлов ауруханаға түсті. Алайда бір айға жуық уақыттан кейін екінші ұшқыш үйінде қайтыс болды.

Сот процесі басталды

Марқұм екі ұшқышқа Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылған. Бұл бапта әуе көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай көрсетілген.

Істі судья Әлмағамбетов қарап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз