Түркістан облысында блогер қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Блогер қамауға алынды/фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен блогерді ұстады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ол жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған.

«Ер адам әлеуметтік желіде жәбірленушіні беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткен», – деп хабарлады полиция.

Полицейлер блогерді Түркістан облысы Сайрам ауданындағы дәмханада 6 900 доллар алып жатқан кезде ұстады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, жаңа Салық кодексіне сәйкес, келесі жылдан бастап ютуб немесе тик-токтан табыс табатын блогерлер декларация тапсырып, мемлекетке салық төлеуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз