Қазақстан – Ресей шекарасында көлік қозғалысы қиындайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан – Ресей шекарасында қозғалыс қиындайды/фото: shutterstock

Қазақстан – Ресей шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Шекара қызметі Қостанай облысының «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл жар» автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескертті.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ресейдің «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Осыны ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз