Астана марафондары енді қала сыртында өтуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Марафондар қала сыртында өтуі мүмкін/фото: unsplash.com

Астана әкімі қала орталығындағы жаппай жүгіру марафондарын қала сыртына ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Жеңіс Қасымбек халықпен кездесу кезінде мәлімдеді.

Тұрғындармен кездесуде Астанада жаппай спорт қалай дамитыны және қатысушылар саны жылдан жылға артып келе жатқан марафондардың болашағы қандай болатынына қатысты сұрақ қойылды.

Әкім жолдардың жабылуын қолдамайтынын айтты. Сондықтан марафондар мен өзге спорттық жүгіру айналма жолдарға, веложолдарға және арнайы бөлінген бағыттарға көшіру жоспарланып отыр.

«Әр жексенбі сайын Түркістан, Ақмешіт, Қонаев көшелерін жабу дұрыс емес», – деді қала басшысы.

Айтуынша, жыл сайын өтетін ірі марафондар бұрынғыдай өте береді.

Алматыда сәуірде өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза тапты. Содан кейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарысты ұйымдастыру тәртібіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеген.

«Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрыққа өзгерту енгізуді жоспарлап отыр», – деп жауап берді министрлік.

Сондай-ақ оқыңыз