Алматы әкімдігі қызды басып қалған ағаш апатты жағдайда болмағанын айтады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы әкімдігі қызды басып қалған ағаш апатты жағдайда болмағанан айтады
Алматы әкімдігі қызды басып қалған ағаш апатты жағдайда болмағанын айтады/Көрнекі сурет/shutterstock

Алматы әкімдігі Шәріпов көшесінде ағаш бұтағы қыздың үстіне құлап, қыз қайтыс болған жағдайға түсініктеме берді.

Әкімдік мәліметінше, оқиға орнына Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, прокуратура, экология және қоршаған орта басқармасы және осы басқармаға қарасты Eco Almaty ұйымының қызметкерлері барған.

«Көрнекі тексеру барысында бұтақ сынған ағаштың жасыл әрі қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Ағаштың санитарлық қырқуға жататынын немесе бұтақтың не тұтас ағаштың құлау ықтималдығын тек сыртқы тексеру арқылы анықтау мүмкін емес, себебі ағаш жасыл және қурау белгілері жоқ.», – деген әкімдік өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы тұрғындардың өтініші бойынша осы аумақтағы емен ағашына санитарлық қырқу жүргізілген. Ал 2025 жылы тұрғындар Шәріпов пен Бөгенбай батыр көшелсінің қиылысындағы екі апатты теректі кесуді сұраған.

«Алайда дәл осы ағашқа қатысты биыл ешқандай өтініш түспеген және санитарлық қырқу жасауға негіз болмаған, себебі ағаш жасыл, қанағаттанарлық жағдайда, қурау не апатты белгілері болмаған», – деген әкімдіктегілер.

Әкімдіктің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері Алмалы ауданы аумағында 21 мыңнан астам ағаш санитарлық қырқудан өткен.

Кеше, желі қолданушысы Виктор Бурдин ағаш бұтағы қызды басып қалып, қайғылы жағдай орын алғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз