
«Курсив» басылымы «Астана Моторс» компаниясынан BYD, Changan, Chery және Hyundai маркаларының бағасының қаншалық өзгергенін анықтады.
BYD

BYD Song Plus / Фото: Astana Motors
Қазақстандағы қытайлық бренд дистрибьюторы тамыз айының соңына дейін BYD Song Plus DM-i гибридінің «100 km Flagship» жинақтамасына жеңілдік барын растады. Қазір көлікті 15,6 млн теңгеге сатып алуға болады – бұл бұрынғы бағадан шамамен 2,3 млн теңгеге арзан.
Changan

Changan Alsvin / changan-auto.kz
Тамыздың басынан бастап бюджеттік Changan Alsvin седаны да арзандады. 1,5 литрлік 98 ат күшіне тең қозғалтқышы 5 сатылы роботпен жұптасқан көлік енді 5,9 млн теңгеге сатылады. Сонымен қатар, бұл модельдің иелеріне бес тегін жоспарлы техникалық қызмет уәде етілген.
Chery

Chery Arrizo 8 / chery.kz
Chery маркалы көліктерге де науқан аясындағы бағалар ұсынылуда. Мысалы, Tiggo 2 Pro – 7,09 млн теңге (-1,1 млн), Tiggo 4 Elite – 9,19 млн (-1,3 млн), Arrizo 8 Premium – 11,99 млн (-2,1 млн), ал Arrizo 8 Luxury – 12,89 млн теңге (-2,1 млн).
Hyundai

Hyundai Sonata / hyundaicfl.com
Төрт марка ішінде бағаның ең үлкен төмендеуі Hyundai-да байқалған. Мәселен, Elantra седанының Smart жинақтамасы енді 9,9 млн теңге тұрады – бұл бұрынғы бағадан шамамен 1,9 млн теңгеге арзан. Elegance жинақтамасы 10,4 млн теңгеге бағаланған (-2 млн).
Santa Fe кроссоверінің Travel жинақтамасы – 19,07 млн (–2,12 млн), Prime – 19,88 млн (–2,21 млн), ал алты орындық Calligraphy – 25,66 млн теңге (-3,83 млн).
Hyundai Sonata жинақтама түріне қарай 13,76–18,98 млн теңге аралығында қолжетімді. Бұл седандарға берілген жеңілдіктер 1,5-тен 2,1 млн теңгеге дейін жетеді.
2025 жылғы Custin минивэні 15,54 млн теңгеден (-1,35 млн) 17,57 млн теңгеге дейін (-0,92 млн) сатылады.
Бірінші буындағы жеті орындық Palisade Luxe нұсқасы – 27,45 млн теңге, ал сегіз орындық Calligraphy – 27,96 млн теңге, бұл шамамеy 5 млн теңгеге арзан.
Бұған дейін, жергілікті нарыққа бейімделіп, интерфейсі қазақшаланған көліктер туралы жазғанбыз.