«Арыстан Патша»: Алматы театрында алғаш рет Disney хикаясы қойылады

Жарияланды 14 Тамыз 2025 15:07

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Арыстан Патша: Алматы театрында Disney хикаясы қойылады / фото: ашық дереккөз

Биыл күзде алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын нағыз ерекше оқиға күтеді. Қазан айында Almaty Theatre сахнасында Disney-дің әйгілі анимациялық фильмі «Арыстан Патша» жаңа live-to-picture форматында көрсетіледі.

Бұл жай ғана фильм көрсетілімі емес — үлкен экрандағы көріністерді симфониялық оркестр, хор және солистердің жанды орындауындағы түпнұсқа саундтрек сүйемелдейді.

Disney-ден аккредиттелген қазақстандық дирижер Александр Беляковтың жетекшілігімен Оскар жүлдегері Ханс Циммердің музыкасы, Элтон Джонның (сөзі — Тим Райс) ұмытылмас әндері және GRAMMY жүлдегері Лебо М орындайтын қуатты африкалық вокалдық партиялар шырқалады.

18–26 қазан аралығында бар-жоғы 9 көрсетілім (18, 19, 24, 25, 26 қазан күндері) өтеді.

Disney-дің жоғары техникалық талаптарына сай, сахнада бір мезетте 100-ден астам әртіс пен техникалық маман жұмыс істейді. Сондықтан билеттер сатылымы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Билеттер kino.kz сайтында шығады.

Сондай-ақ оқыңыз