«Астана» – «Лозанна» ойынын қайдан көруге болады

Бүгін, 14 тамыз күні «Астана» футбол клубы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында швейцариялық «Лозанна» командасын қабылдайды.
Кездесу сағат 19:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Алғашқы ойын Швейцарияда өтіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. «Лозанна» сапынан Джейми Роше (24-минут), Мамаду Кали Сене (43) және Албан Айдини (72) гол соқты. «Астана» құрамында жалғыз голды 90-минутта Иван Башич еншілеген.
Егер қазақстандық клуб плей-офф кезеңіне өтсе, онда Түркияның «Бешикташы» мен Ирландияның «Сент-Патрикс Атлетик» клубы арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
«Астана» бұған дейін турнирдің алдыңғы кезеңінде Молдованың «Зимбру» клубын 3:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық «Қайрат» Словакияның «Слован» командасын жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.