Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі / фото: архив kursiv.media

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Төртінші айналымда Рыбакина америкалық Мэдисон Кизді 1:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, бір ғана қос қате жіберді. Сондай-ақ, 14 брейк-пойнттың алтауын сәтті орындады. Ал қарсыласы бір ғана эйс жасап, 6 қос қате жіберіп, 9 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Ширек финалда Елена Рыбакина Беларусь өкілі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз