Трамп Путинмен Украинаның жері туралы әңгімені қозғамайтынын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Владимир Путин мен Дональд Трамп / фото: REUTERS/Marcos Brindicci
Владимир Путин мен Дональд Трамп / фото: REUTERS/Marcos Brindicci

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен онлайн-саммит барысында Ресей президенті Владимир Путинмен Украина аумағын бөлу мәселесін талқыламайтынын айтты. Бұл туралы NBC News хабарлады.

Америкалық телеарнаның хабарлауынша, екі еуропалық шенеунік және әңгіменің мән-жайынан хабардар тағы екі дереккөз Трaмп пен Еуропа өкілдері келіссөздерді тек бітім жасалғаннан кейін ғана бастауға уағдаласқанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, барлық қатысушылар Украинасыз бейбіт келісім шарттарын талқылауға болмайтынын атап өткен.

Дереккөздерге сүйенсек, егер Путин атысты тоқтатуға келіспесе, Трaмп Ресейге жаңа санкциялар енгізуі мүмкін.

Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин 15 тамыз күні Аляскада Анкоридждегі әскери базада кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз