Ресей Қазақстандағы екі ЖЭС құрылысына қаржы табатын болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ckem.kz

Ресей үкіметі Семей мен Өскеменде екі жылу электр станциясын (ЖЭС) салуды қаржыландыру мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы Стратегия және инвестициялар жөніндегі басқарма мүшесі Александр Киселев хабарлайды.

«Қаржыландыруды ұйымдастыру мәселесі қазір Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі мен үкіметі деңгейінде қарастырылып жатыр. Егер оң шешім қабылданса, 2025 жылы Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ларды жобалау бойынша келісімшарттарға қол қою күтіледі», – деді Киселев.

Бұған дейін қаржыландыру мәселесіне байланысты Ресей Қазақстанда жалпы қуаты 1 ГВт болатын үш ЖЭС сала алмайтыны хабарланған. Премьер-министр Олжас Бектенов Көкшетаудағы ЖЭС-тің құрылысы басталып кеткенін де айтты.

Тиісті келісімге Ресей мен Қазақстан 2024 жылғы сәуірде қол қойған. Жобаны «Интер РАО» компаниясы жүзеге асыруы тиіс еді. Үш нысанның алдын ала құны 1,25 трлн теңге деп бағаланған.

Шілде айының соңында Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр Көкшетау, Семей және Өскемендегі үш ЖЭО-ны Қазақстан өзі салуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Себебі «Интер РАО» төмен мөлшерлемемен экспорттық қаржыландыру ала алмаған.

Сондай-ақ оқыңыз