Банк пен қаржы

Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арналған монета шығарды

Фото: Ұлттық Банк

Ұлттық банк Конституцияға 30 жыл толуына орай коллекциялық монеталарын әзірледі. Олар 1000 теңге және 100 теңге номиналында шығарылды.

Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда.

«Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы – еліміздің құқықтық мемлекет құру және демократиялық институттарды нығайту жолындағы тарихи тағдырын айшықтайтын айтулы дата. Ата Заң тәуелсіздіктің іргетасы, бірлік пен азаматтық келісімнің символы саналады», – деп хабарлайды Ұлттық банктен.

Фото: Ұлттық банктен

Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм. Әрқайсысы 1000 теңге данамен таралады.

Бұған дейін «Қазақстанның футбол клубтары» және «Қазақстан Футбол Федерациясына» арналған коллециялық монеталар шыққан еді. Сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов пен Александр Македонскийге арналған монеталар да әзірленді.