Volkswagen Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Volkswagen автоалпауыты толығымен Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін. Бұл жайлы Автонарықты мониторингтеу және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарян телеграм парақшасында жазды.

«Volkswagen жақын арада Қазақстандағы қызметін толығымен тоқтатуы мүмкін. Ең болмағанда – біраз уақытқа. Себебі концерн Орталық Азияда көліктерді жергілікті өндіріске шығаруды жоспарлаған еді. Бұл жоспардың тоқтатылғаны туралы әзірге хабарланған жоқ. Көре жатармыз», – деп жазды арнасында.

Мискарянның дерегінше, 2021 жылы елімізде неміс брендінің небәрі 4 мың көлігі сатылған. Бұл жаңа автокөлік нарығының шамамен 3–4%-ын құрайды. Бірақ оған дейін Volkswagen Қазақстандағы ең танымал брендтердің ТОП-10 тізімінің ортасында болған еді. Қазір жағдай өзгерді.

«Ең көп сатылған үлгілер бізге Калуга мен Нижний Новгородтан жеткізілді, ол жерде бұл модельдер бірнеше жылдан бері шығарылып келген. Қымбаттау модельдер Германиядан жеткізілді. Ол елден сирек әрі шағын партиялар ғана келді: седан және универсал Passat, сондай-ақ Touareg. Ақырында тек соңғысы ғана қалды. Нарықтағы позициясы Қазақстанда күрт төмендеді», – деп түсіндіреді сарапшы.

Енді Touareg-те 2026 жылы мүлдем өндірістен алынып тасталуы мүмкін. Бұл жайлы осы жазда ресми түрде хабарланған еді. Touareg алғаш рет 2002 жылы шығарылып, премиум-класқа жататын жол талғамайтын көлік ретінде Porsche Cayenne-мен бірге әзірленген. Оның орнын жақында таныстырылған Tayron басады деген болжам бар.

Сондай-ақ оқыңыз