Биткоин құны 150 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін

Жарияланды 14 Тамыз 2025 10:46

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Биткоин 116 мың доллардан асып, тарихи жетістікке жетті / фото: Reuters
Биткоин ең ірі бес актив қатарына алғаш рет еніп отыр / фото: Reuters т

14 тамызда әлемдегі ең қымбат криптовалюта – биткоин (BTC) тағы бір тарихи межені бағындырды. Бейсенбі күні BTC құны 124 мың доллардан асып түсті. Басқа да валюта түрлері де қымбаттап жатыр. Сарапшылар биткоин 150 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды.

Шілдедегі раллиден кейін аздап кері шегінген биткоин 14 тамызда жаңа биіктерге қарай ұмтылды. Бейсенбідегі сауда барысында оның құны 124 мың доллардан жоғары көтерілді. Бұл – криптовалюта тарихындағы жаңа рекорд.

Қазір BTC 123 мың доллар шамасында саудаланып жатыр. Валюта құны 3,13%-ке көтерілді. Биткоинның нарықтағы капиталы 2 трлн 449 млрд 492 млн доллардан асты.

Дереккөз: coindesk.com
Дереккөз: coindesk.com

Биткоин неге көтерілді

Reuters мәліметінше, әлем нарығында криптовалюталар құнының артуына АҚШ федералдық резерв жүйесі мөлшерлемесін түсіруі себеп болды. IG Market сарапшысы Тони Сикамор биткоинның тамыздағы раллиі мұнымен тоқтамайды деп есептейді.

«BTC 150 мың долларға дейін жетуі мүмкін», – дейді маман.

Жыл басынан бері Bitcoin құны шамамен 32%-ға артты. Криптовалюталар бағасының көтерілуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың билікке келуі себеп болды. ол өзін «криптопрезидентпін» деп атаған.

Биткоин ғана емес, басқа да валюта түрлері қымбаттап жатыр. Мәселен, әлемдегі екінші криптовалюта – Эфириум (ETH) 14 тамызда 2,29%-ға артып, 4 737 доллар болды. Сауда барысында ETH 4 781 долларға дейін көтерілген.

Естеріңізге сала кетейік, тура бір ай бұрын – 14 тамызда биткоин бағасы 120 мың доллардан асып, тарихи рекорд орнатқан.

Сондай-ақ оқыңыз