Трамп соғысты тоқтату мақсатында Путинге қазба байлықтар ұсынбақ

Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Владимир Путинге сирек кездесетін пайдалы қазбалар ұсынбақ.
АҚШ президенті 15 тамыз, жұма күні ресейлік әріптесімен кездесуге барады. Оның Путинге айтар бірнеше ұсынысы бар.
The Telegraph басылымының мәліметінше, бұл ұсыныстардың қатарында Мәскеуге Аляскадағы табиғи ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі мен Ресейдің авиация өнеркәсібіне қатысты бірқатар санкцияларды алып тастау да бар. Трамп ұсыныстардың ішінде Ресей басып алған Украина территорияларындағы сирек жер пайдалы қазбаларына рұқсат беру де ойда бар.
Трамп Путинмен кездескен кезде Украинадағы соғысты тоқтатуға келіспесе, онда оны «ауыр зардаптар» күтіп тұрғанын айтады. Бұдан бөлек Путинмен кездескеннен кейін бірден Украина басшысы Зеленскиймен кездесуге ниетті екенін жеткізген.
«Егер алғашқы кездесу сәтті өтсе, екіншісін тез арада ұйымдастырамыз. Мен оны мүмкіндігінше тез өткізгім келеді. Әрі егер олар менің қатысуымды қаласа, онда президент Путин мен Зеленскийді беттестіреміз», – дейді Трамп.
Айта кетейік АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен онлайн-саммит барысында Ресей президенті Владимир Путинмен Украина аумағын бөлу мәселесін талқыламайтынын айтты.