
Қаржаубай Нұрымовтың өртенген үйі бойынша істі тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Kazinform.kz хабарлады.
«Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт бойынша қазір қылмыстық іс жүргізудің мерзімі Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабының 7-бөлігі 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету шеңберінде процессуалдық әрекеттерді орындауға байланысты) тоқтатылды», – делінген Алматы облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
2024 жылы қазанда Алматы облысы Талғар ауданында болған төбелес салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді.
Бір аптадан кейін қара жамылған отбасының үйі өртенді. Полиция «Бөтеннің мүлкін қасақана жою» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасынан кейін қозғалған іс тоқтатылды.
«Жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзін-өзі өлтіру (суицид) салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ», – деп хабарлады прокуратура.