Алматыда адвокат колониядағы күдіктіге телефон алып кірмек болған

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда адвокат колониядағы күдіктіге телефон алып кірмек болған
Алматыда адвокат колониядағы күдіктіге телефон алып кірмек болған/Фото: Polisia.kz

Алматыда адвокат ҚАЖ департаментіне қарайтын №72 мекемеде алаяқтық күдігімен отырған азаматқа телефон кіргізуге тырысқан.

Тыйым салынған зат адвокаттың сөмкесінен рентген құрылғысының көмегімен тінту кезінде табылған. Сол себепті күдікті мен оның заңды өкілінің кездесуі өткізілмеген. Қазіргі уақытта адвокатты жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

«Біз барлық келушілерді тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы алдын ала ескертеміз. Соған қарамастан, мұндай жағдайлар, оның ішінде кейбір адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар тарапынан, әлі де тіркелуде», – дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті.

2024 жылы адвокаттардың қатысуымен осындай 4 жағдай тіркелген. Ал осы жылдың алты айында 12 жағдай анықталған. Адвокаттар тарапынан өткізу режимін бұзу фактілеріне байланысты ҚР ІІМ Республикалық адвокаттар алқасына тиісті шаралар қабылдау, тіпті кәсіби лицензиядан айыру мәселесін қарастыру туралы хат жолдаған.

Бұған дейін, Павлодар түрмесінде есірткі арнасын құрған бірнеше лауазымды тұлға қызметінен қуылған.

Сондай-ақ оқыңыз