Елде тіркелген көліктердің саны 6 млн 629 мыңға жетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Елде тіркелген көліктердің саны 6 млн 629 мыңға жетті
Елде тіркелген көліктердің саны 6 млн 629 мыңға жетті/Фото: shutterstock

2025 жылғы шілдеде 169,9 мың автокөлік есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 153,5 мың, жүк автомобильдері – 9,8 мың, автобустар – 1,6 мың және мототранспорт 5 мыңды құрайды

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 млн 629 мыңға жеткен. Оның ішінде 86,7%-ы – жеңіл автомобильдер, 9,5%-ы жүк көліктері, 1,8%-ы – автобустар және мотокөліктер – 2%

Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 7,1%, дизель отынымен жүретін көліктердің үлесі – 7%, көліктердің жалпы санынан газ баллонды көліктердің үлесі 0,3% құрады, тағы 20 775 көлік электр қуатымен жүреді, бұл жалпы автокөліктердің 0,3%-ы. 

Тіркелген көлік құралдарының ішінде қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп үлесті (37,5%) көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көліктер алады, қозғалтқышының көлемі 1500 текше см-ге дейінгілердің үлесі – 19,9%, қозғалтқышының көлемі 2000-ден 2500 текше см-ге дейін – 15,5%, қозғалтқышының көлемі 2500-ден 4000 текше см-ге дейінгі көлік үлесі – 13,7%, 4000 текше см-ден жоғарысы – 9,4%. 

Қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көлік құралдарының ең көп саны Алматы облысында (259,3 мың бірлік), Алматы (248,9 мың) және Астана қалаларында (196,5 мың).

Бұған дейін, «Қазақстанның Автокөлік Одағы» автомобиль саудасы бойынша шілде айының мәліметін жариялады. Одақ дерегінше, өткен айда 20 мыңнан аса жаңа көлік өткен, бұл маусыммен салыстырғанда 3,9% жоғары әрі жыл басталғалы тіркелген ең үздік нәтиже.

Сондай-ақ оқыңыз