Қонақүй қызметкерін өлтіріп, ресепшнді өртеп кеткен адам 18 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қонақүй қызметкерін өлтіріп рецепшнді өртеп кеткен адам 18 жылға сотталды
Қонақүй қызметкерін өлтіріп ресепшнді өртеп кеткен адам 18 жылға сотталды/Фото: shutterstock

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорғанда қонаүйде болған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Істің мән-жайы

Мамыр айында сотталушы жеке шаруаларымен Талдықорған қаласына келіп, қонақүй нөмірін жалдайды. Келесі күні қонақүйдің мейрамханасында жеген тамағының ақысын төлей алмай, мейрамхана әкімшілігімен келесі күні төлейтін болып келіскен. Кейін сотталушыда қарызын қонақүйдің ресепшнінен ақша ұрлап қайтару туралы ой пайда болады.

Ойын іске асыру үшін қонақүй әкімшісі ұйықтап жатқанын көріп, электр жарығын өшіріп, тіркеу орны маңынан ақша іздей бастаған. Ақша таппаған соң, «Kaspi» банкінің төлем терминалын алып кетпек болады. Сол сәтте шудан оянған қонақүй әкімшісі бөлмесінен шығып, сотталушыны көріп, полицияға қоңырау шалуға әрекеттенеді. Сол сәтте сотталушы әйелдің телефонын жұлып алып, оны төсегіне құлатып, оң және сол қолымен бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Кейін қонақүй кіреберісінде тұрған өрт сөндіргішпен басынан 4-5 рет ұрған. Мұнымен тоқталмай, сол жерден темір қайшы алып, жәбірленушінің денесіне көптеген соққы жасаған, алған жарақатынан әйел көз жұмған.

Одан кейін әкімші мен қонақүй иесіне тиесілі ұялы телефондарды ұрлап, қонақүйде бейнебақылау камералары орнатылғанын байқаған соң, қылмысты жасыру үшін ресепшнді өртеп оқиға орнынан қашып кеткен.

Үкім

Айыпталушы сот үкімімен ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігі 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушыдан жәбірленушілер пайдасына 18 миллион теңгеден астам материалдық және моральдық зиян өндірілген.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Бұған дейін, сыныптасымен төбелескеннен кейін, қаза тапқан Жандос Өтемұратов ісінде үкім шыққанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз