Маңғыстау әкімі некесіз туған баласына алимент төлейтін болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Маңғыстау әкімі алимент төлеуге міндеттелді / фото :shutterstock
Маңғыстау әкімі алимент төлеуге міндеттелді / фото :shutterstock

Сот Маңғыстау әкімі Нұрдаулет Қилыбайды некесіз баланың әкесі екенін мойындатып, алимент төлеуге міндеттеді

iMedia ақпаратына қарағанда, Маңғыстауда бірнеше айдан бері созылып келе жатқан дау-дамайға нүкте қойылды. Әкім Нұрдаулет Қилыбай ресми түрде облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды.

Ынташ Наурызова әлеуметтік желілерде ашық мәлімдеме жасап, үш жасар ұлы Әмре Наурыздың әкесі – әкім екенін айтқан. Оның сөзінше, Қилыбаймен жақын қарым-қатынас жасаған. Алайда бала дүниеге келгеннен кейін шенеунік оның өмірінен ғайып болыпты.

Әкім бұл айыптауларды жоққа шығарып, «шындыққа сай келмейді» деп атаған болатын.

Сот шешімі бойынша, Қилыбай Әмренің әкесі деп танылып, бала кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын жалақысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндеттелді.

Бір жыл бойы баланың анасы түрлі ведомстволарға жүгініп, ДНҚ сараптамасын жүргізуді және әкелік құқықты ресми түрде мойындауды талап еткен.

Мұның алдында желі жұлдызына айналып үлгерген әкімдер туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз