Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты әуе рейстері көбейеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Өзбекстанға ұшатын рейстердің саны артады / Фото: shutterstock
Өзбекстанға ұшатын тұрақты әуе рейстері 42-ге дейін саны артады / Фото: shutterstock

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстері санын көбейтіп, авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

Екі елдің авиациялық органдары осындай келіссөз жүргізді. Бұл Орталық Азия – Қытай (С5+1) форматындағы Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы аясында іске асқан.  

Келіссөздер барысында ең ел арасындағы тұрақты әуе рейстері санын арттыру туралы келісімге қол жеткізіліп отыр.

«Бұл қадам көлік қолжетімділігін дамытуға, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Енді екі елдің тасымалдаушылары Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына 42 рейске дейін ұшуға рұқсат алды. Басқа бағыттар бойынша аптасына 14 рейске дейін рұқсат етілмек.

Айта кететін жайт, 2025 жылдың 3 шілдесінен бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы аптасына 2 рет Ақтау-Нөкіс бағыты бойынша рейстерді орындай бастады. Ал 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап Fly Arystan аптасына 3 мәрте Атырау – Ташкент бағыты бойынша әуе қатынасын ашты.

Мұның алдында Qazaq Air Астана-Самарқан бағытындағы транзитті рейс ашатыны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз