Жаңалықтар

Құны 1 миллиард доллар болатын өсек: Трамп отбасы Байденнің ұлын сотқа бермек

Трамптар отбасы 1 миллиард доллар өтемақы туралы ескертті / фото: фото: Reuters / Andrew Leyden/ZUMA Press Wire
Трамптар отбасы 1 млрд доллар өтемақы туралы ескертті / фото: фото: Reuters / Andrew Leyden/ZUMA Press Wire

Трамп отбасы Джо Байденнің ұлы Хантерді сотқа беріп, 1 млрд доллар өтемақы талап етпек. Бұған желідегі өсек түрткі болып отыр.

CNN ақпаратына қарағанда, Дональд Трамп жұбайы Меланияға Хантер Байденнің үстінен талап-арыз жазуды бұйырған.

Даудың бас

Өйткені Джо Байденнің ұлы АҚШ президенті мен бірінші ханымды сексуалды қылмыс жасағаны үшін сотталған Джеффри Эпштейн таныстырған деп мәлімдеген.

«Мені Меланиямен Джеффри Эпштейн таныстырған жоқ. Оның мүлде қатысы жоқ. Олар бәрін ойдан шығарып жатыр», – деп ақталды Дональд Трамп.

Бірінші ханым талабы

Дай-дамай Хантер Байденнің YouTube арнасына жарияланған сұхбатынан туындап отыр. Мелания Трамп болса, бұл видеоны дереу өшіріп тастауды талап етті. Бейнежазба ол кезде 1,3 миллион қаралым жинап үлгеріпті. Адвокаттары арқылы әлеуметтік желіден алып тастамаса, 1 млрд доллар көлемінде өтемақы талап ететінін де жеткізген.

АҚШ-тың бірінші ханымы Хантер Байденнен кешірім сұрауды талап еткен. Ол хатында Хантердің сөзін «жалған, жалалы және құйтырқы мәлімдеме» деп атаған.  

Шынай оқиға кітапта

«Мелания Трамптың адвокаттары қара ниетпен өтірікті таратып жатқандардан дереу терістеме бергізіп, кешірім сұрату үшін барын салып жатыр. Бірінші ханым мен президент Трамптың қалай танысқаны туралы шынайы хикая «Мелания» атты бестселлерде егжей-тегжейлі баяндалған», – деді оның баспасөз хатшысы Ник Клеменс.

Хантер бас тартты

Хантер Байден болса, кешірім сұраудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. «Құрып кетсін! Мұнысы бола қоймас», – деп Хантер Байден Трамптар отбасының талабына қатысты түсініктеме берді.

Джеффри Эпштейн – қаржыгер және зорлықшы қылмыскер. 2008 жылы 14 жасар қызды зорлағаны үшін ұсталып сотталды. 16 жасқа дейінгі 36 қыз оның құрбаны болған.

Мұның алдында Дональд Трамп Украинаға қатысты ұстанымының жұмсаруына әйелі Мелания ықпал еткенін ішінара мойындаған еді.