5,4 млрд теңгеге бағаланған City Center бір жарым жылдан бері сатылмай жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
City Center орталығы / Фото: Яндекс Карта

2024 жылдың наурызынан бері Алматыда Төле би бойында орналасқан City Center сауда орталығы сатылмай жатыр. Хабарландыру орталықты иеленетін Halyk Bank сайтында ілінген.

Банк коммерциялық нысанды 5,4 млрд теңгеге бағалап отыр. Бірақ жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаға байланысты ол сома да өзгеруі мүмкін екенін хабарлайды.

Жалпы аумағы 12 244,9 шаршы метр болатын «City Center» сауда орталығы Төле би,136 мекен-жайында орналасқан. Оның 11 280,7 шаршы метрі саудаға арналған.

«Қабырға ғимараты кірпіштен. Кеңсе үй-жайларының ауданы – 694,1 шаршы метр, жер учаскесінің жалпы ауданы – 0,7377 гектар (немесе 73,7 сотық – Ред.)», – деп жазылған банк хабарландыруында.

Сауда орталығын сату жұмыстарымен тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы проблемалық активтерді басқаратын Halyk Bank-тің еншілес компаниясы – «Halyk Аctiv» айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз