Мемлекеттік кірістер комитеті Елікбаевтың сотта жеңгенін жоққа шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әлішер Елікбаев / Мемлекеттік кірістер комитеті
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Блогер Әлішер Елікбаев Мемлекеттік кірістер комитетімен соттасып, жеңіп шықты деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сот ондай шешім шығарған жоқ. Блогердің мәлімдемесіне қатысты комитет арнайы жауап берді.

«Әлеуметтік желілерде блогер Әлішер Елікбаевтың мемлекеттік кірістер органдарын сотта жеңіп шыққаны жөнінде ақпарат таратылуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Сот оның талабын мәні бойынша қараған жоқ және мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерін заңсыз деп таныған жоқ. 2025 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша, мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы немесе өзге де сот шешімдері мен жолданған хабарламалар жоқ», – деп жазылған ұйым таратқан мәлімдемеде.

Мемлекеттік кірістер органдары осыған дейін БАҚ-та жарияланған ақпаратты шындыққа сай келмейді деп тануын сұрайды.

Өз кезегінде Елікбаев телеграм арнасына сот қаулысының скринін жариялады.

«Жеке кәсіпкер Елікбаев Алишер Хакимұлының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесіне камералдық бақылау туралы № 6004НА900062, № 6004НА900063 хабарламаларын (2025 жылғы 15 ақпаннан бастап) жою, аталған хабарламаларды орындамау және салықтық әкімшілендіру рәсімін жалғастыру жөніндегі салық органының әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап арызын — қанағаттандыру», – деп жазылған құжатта.

Фото: Әлішер Елікбаев телеграм-арнасынан

Бүгін танымал блогер Әлішер Елікбаев Facebook-тегі парақшасында Мемлекеттік кірістер комитетімен жарты жыл соттасып, жеңіске жеткенін жазды. Оның сөзінше, сот салық органының 5 млн теңге көлеміндегі талабы негізсіз деп шешті.

2025 жылы 14 ақпанда кірістер органынан 5 млн теңге көлемінде табысын дұрыс көрсетпегені жайлы ескерту алған. Кейбір таныстары оған тиесілі соманы төлеу туралы кеңес берген. Бірақ ол сотқа жүгінуге бел буады.

Сондай-ақ оқыңыз