Оңтүстікте — ыстық, солтүстікте — жаңбыр: 15 тамыздағы ауа райы

15 тамыз, жұма күні Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз бұршақ аралас жаңбыр жауады. Қызылорда мен Маңғыстауда шаңды дауыл тұрады. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.
Өрт шығу қаупі жоғары
Министрлік мәліметінше, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында және Шымкент пен Алматы қалаларында өрт шығу қаупінің ең жоғары – 5-сыныбы жарияланды. Бүгін Қазақстанның оңтүстігінде ғана ауа райы құрғақ, ыстық болады.
ТЖМ азаматтарға далада от жақпауға, темекі тартпауға, шөпті қураған ағаштар жанында өртемеуге кеңес берді.
Ірі қалалардағы ауа райы
Қазгидромет мәліметінше, 15 тамызда Астана қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні күндіз 15-18 м/с дейін жетеді.
Алматы қаласында да бүгін кейде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт шығу қаупі жоғары.
Шымкент қаласында да өрт шығу қаупі бар.
Өңірлердегі ауа райы
15 тамызда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні 30 м/с және одан асып түсуі мүмкін.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман тұтылады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысында күндіз найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман тұтылады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс пен батыс өңірлер
15 тамызда Қостанай облысында облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 23-28 м/с. дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел батыстан соғады. Екпіні – 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні – 15-18 м/с. Өрт қаупі жоғары.
15 тамызда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орталық және оңтүстік өңірлердегі ауа райы
15 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Өрт қаупі аса жоғары.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Тау асуларында жел жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыста өрт шығу қаупі жоғары.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Өрт шығуы мүмкін.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Өрт шығу қаупі бар.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Өңірде өрт шығу қаупі жоғары екені ескертілді.