Ильхам Әлиев: Баку AZAL ұшағына қасақана шабуылдады деп есептемейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ильхам Әлиев пен Владимир Путин / фото: shutterstock
Ильхам Әлиев пен Владимир Путин / фото: shutterstock

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2024 жылдың аяғында Ақтау маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағына «қасақана шабуыл жасалды» деп санамайды. Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары кезінде Fox News телеарнасына сұхбат берген.

Әлиев ұстанымы жұмсарды

Әзербайжан басшысының айтуынша, Баку Мәскеудің кінәні ресми түрде мойындағанын талап етіп отыр.

«Біз бар болғаны осы оқиғаны мойындауын, кінәлілердің жазалануын, толықтай өтемақы төленуін қалаймыз», – деп мәлімдеген Әлиев.

Естеріңізге сала кетейік, AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстандағы Ақтау қаласы маңына құлады. Ұшақ бортындағы 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды. Лайнер Бакуден Грозный қаласына ұшып шыққан еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде – Грозный аспанында «сыртқы әрекет салдарынан» апатқа ұшыраған. Бұған дейін Әлиев солай деген.

Шілде айында Әлиев Әзербайжан Ресейге қарсы халықаралық сотқа шағым түсіруге дайындалып жатыр деп мәлімдеген. Өйткені президент Мәскеудің «тергеу жүріп жатыр» деген жауабына қанағаттанбады.

Жақында ғана Қазақстан вице-президенті Қанат Бозымбаев әуе апатына қатысты тергеу жұмыстары аяқталып қалғанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз