Жаңалықтар

Forbes тізіміндегі миллионерлер елдегі АЭС құрылысына қатысқысы келеді

Компании Казахстана хотят участвовать в строительстве АЭС «Росатома» в РК
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстанда Forbes тізіміндегі бірнеше миллионер Балқаш көлі жағасындағы Үлкен ауылында салынатын АЭС құрылысына қатысқысы келеді. Мәліметті Қазақстан энергия және жөндеу, жоба, инжиниринг компаниялары мен энергетика құрыл-жабдықтарын өндірушілер қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов әлеуметтік желіде жариялады.

Республикадағы алғашқы Атом электр станциясы (АЭС) құрылысына байқауда «Росатом» жеңіске жеткені мәлім. Дегенмен отандық компаниялар да ауқымда жоба аясында қосымша жұмыстарды атқаруға ұмтылып отыр.

«Отандық тауар өндірушілер АЭС құрылысына не ұсына алады? Бұл сауалға көп нәрсе ұсына алады деп жауап беремін. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге АЭС құрылыс алаңына осындай ұсыныстармен барамыз», – деп жазды Агафонов Facebook-тегі парағына.

Оның пікірінше, АЭС құрылысы отандық бизнесті дамытуға айтарлықта үлес қоса алады. Қауымдастық басшысы Түркияда «Росатом» салып жатқан «Аққую» АЭС жобасын соған мысал ретінде келтірді.

Агафонов жариялаған тізімде энергетика құрал-жабдықтарын өндіретін 17 компания, құрылыс материалдарын шығаратын 41 кәсіпорын, сонымен бірге 18 құрылыс компаниясы бар.

Энергетика құрал-жабдықтарын «Таврида Электрик Астана», энергия өлшеу құралдарын шығаратын «НЕРО Групп» пен «Корпорация Сайман» ұсына алады.

Тізімде KARLSKRONA LC AB компаниясы да бар. Ол электр техникасы құрал-жабдықтарын, арматура шығарады. Дәулеті 215 млн долларға бағаланған Сайдулла Қожабаевтың (Forbes тізімінде 47-орында) Alageum Electric компаниясы да бар. Оның кәсіпорыны трансформатор және басқа да электр техникасы өнімдерін шығарады. «Қарағанды турбомеханика зауыты» турбина құрал-жабдықтарын ұсына алады.

Құрылыс материалдарын жеткізушілер арасында Qarmet компаниясы да жүр. Оның қожайыны Андрей Лавреньтев Forbes тізімінде 12-орында тұр. Кәсіпкер дәулеті 840 млн долларға бағаланған.

Беловичтер отбасының (Forbes-те 15-орын, дәулеті 681 млн доллар) Bazis-A корпорациясы да ауқымды жобаға атсалысқысы келеді. Құрылыс компанияларынан Qazaq Stroy компаниясы да тізімде бар. Оның иесі Нұрлан Артықбаев дәулеттілер тізімінде 228 млн доллармен 44-орында тұр.

Үлкендегі АЭС құрылысының басталу салтанаты 2025 жылғы 8 тамызда өтті. Оған «Росатом» басшысы Алексей Лихачев пен Қазақстан атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты. Шенеуніктің айтуынша, жобаға 14-15 млрд доллар жұмсалады. Құрылыс 2035-2036 жылдары аяқталуы тиіс.