«Қазпошта» елді 2,9 млрд теңге шығынға батырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

«Самұрық Қазына» ұлттық қорына тиесілі «Қазпошта» 2025 жылдың алғашқы жартысындда 2,9 млрд теңге таза шығынға батты. Мәлімет AIX-те жарияланған қаржы есебінде айтылды.

Салыстырар болсақ, 2024 жылдың алғашқы жартысында компания акционерлеріне 731,1 млн теңге табыс әкелген. Осылайша, бір жылдың ішінде оның көрсеткіші 3,6 млрд теңгеге азайып кеткенін көріп отырмыз.

Компанияның теріс көрсеткішіне қаржы шығындарының көбеюі себеп болды. Ол шамамен төрт есе өскен: 19,4 млрд теңгеден 26 млрд теңгеге дейін жеткен.

«Қазпошта» активтері жарты жылда 41,5%-ға артып, 570,2 млрд теңге болды. Міндеті 46,8%-ға көбейіп, 533,8 млрд теңгеге жетті.

2025 жылғы мамырда «Қашпошта» 2024 қаржы жылы үшін акционерлерге дивиденд төлеуден бас тартқаны мәлім. «Самұрық-Қазына» 2,2 млрд теңге таза табысты компанияда қалдырған.

Сондай-ақ оқыңыз