Жаңалықтар

«Минскіге барам»: Трамп Лукашенкомен сөйлесті 

Александр Лукашенко мен Владимир Путин / фото: Sputnik/Gavriil Grigorov/Pool via REUTERS 
Александр Лукашенко мен Владимир Путин / фото: Sputnik/Gavriil Grigorov/Pool via REUTERS 

АҚШ президенті Дональд Трамп Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен сөйлесті. Аляскадағы саммит қарасаңындағы әңгімеде Ақ үй басшысы Минскіге баруға уәде берді.

Трамп Аляскаға бара жатып, Ресей президенті Владимир Путиннің басты одақтасы – Лукашенкомен телефонмен сөйлесті.

«Аса құрметті Беларусь президенті Александр Лукашенкомен керемет әңгіме болды», – деп жазды Ақ үй қожайыны өзінің Truthsocial әлеуметтік желісінде.

Құрама Штаттар басшысы Лукашенкоға 16 тұтқынды қамаудан босатқаны үшін алғыс айту үшін хабарласқанын айтты.

«Біз тағы 1300 тұтқынды босату мәселесін талқыладық. Жақсы әңгіме болды. Көп тақырып қозғалды. Соның ішінде президент Путиннің Аляскаға келуі де бар. Президент Лукашенкомен кездесетін күнді асығам күтем», – дейді Трамп.

Беларусь президенті оны отбасымен бірге Минскіге шақырған. Бұл туралы РБК агенттігі президенттің баспасөз қызметіне жақындығы бар «Пул Первого» арнасы мәліметіне сүйене отырып хабарлады. Арна мәліметінше, Трамп ұсынысты қабылдаған.

CNN Путин мен Лукашенко достығы Украинадағы соғыс кезінде одан сайын нығая түсті деп жазды. Телеарна 2022 жылы Ресей әскері Украина жеріне Беларусь аумағы арқылы басып кіргенін еске салды. Бұған қоса, Путин Беларусьқа тактикалық ядролық қару орналастырды.

Трамп пен Путин 15 тамызда түнде Аляскада кездеседі. Саммит жергілікті уақытпен сағат 11-де (Астана уақытымен сағат 23-те) басталады