Трамп Путинмен кездесу үшін Аляскаға ұшып шықты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дональд Трамп пен Владимир Путин / фото: shutterstock
Дональд Трамп пен Владимир Путин / фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп мінген Air Force One Аляскадағы Эндрюс әуе базасына қарай ұшып барады. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлайды. Аляскада Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Осы рейспен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, сауда министрі Говард Лютник, қаржы министрі Скотт Бессент, Орталық барлау қызметінің директоры Джон Рэтклифф, Таяу Шығыстағы арнайы өкіл Стив Уиткофф және басқа да шенеуніктер ұшып бара жатыр. Мәліметте Reuters Ақ үйге сілтеме жасай отырып таратты.

Трамп жанжалды шешу үшін Путинмен кездесетінін мәлімдеді.

«Жүздесудің алғашқы бір-екі минутында келісімге отыру мүмкіндігі бар-жоғын түсінетін шығармын», – дейді Құрама Штаттар президенті.

Украина президенті Владимир Зеленский Аляскаға бармайды. Трамп онымен кейін телефонмен сөйлесуге уәде берді. АҚШ президентінің айтуынша, осы саммиттен кейін ол Путин мен Зеленский кездесуін ұйымдастырғысы келеді.

РБК мәліметінше, Путин бастаған делегациясы құрамында сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қаржы министрі Антон Силуанов, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, сыртқы саясат жөніндегі кеңесші Юрий Ушаков және басқалары бар. Ушаковтың айтуынша, саммиттің басты тақырыбы – «украин дағдарысын бейбіт жолмен реттеу».

Трамп ұшақ бортындағы журналистермен де сөйлесті. Ол Аляскаға Украина атынан келісімге отыру үшін емес, Путинді келіссөздер үстеліне отырғызу үшін бара жатқанын мәлімдеді. Бұған қоса, ол Украина қауіпсіздіге кепіл бола алмайтынын, мұндай қызметті Еуропа атқаруы мүмкін екенін айтты. Бұл уақытта Ұлыбритания атысты жоғару жөнінде келісім қабылданған жағдайда, әскерін Украинаға орналастыруға дайын екенін мәлімдеп үлгерді.

Аляскадағы саммит 15 тамызда жергілікті уақытпен сағат 11-де (Астана уақытымен сағат 23-те) басталады.

Сондай-ақ оқыңыз