ЭЦҚ кілтін бөтен адамға бергендер 786 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
ЭЦҚ-ны бөтен біреуге берген және пайдаланғандар айыппұл төлейді / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланғандарға жауапкершілік көзделген. Биыл көктемде бұл ереже қатаңдатылды, яғни айыппұл мөлшері ұлғайды.

Енді ЭЦҚ кілт иесі де, оның атынан қандайда бір қызметті жүзеге асырған адам да жауапкершілікке тартылады.

Басқа адамның ЭЦҚ-сын пайдаланғаны үшін айыппұл мөлшері: 

  • Жеке тұлға — 10 АЕК (39 320 теңге) 
  • Шағын бизнес / лауазымды тұлға — 15 АЕК (58 980 теңге) 
  • Орта бизнес — 30 АЕК (117 960 теңге) 
  • Ірі бизнес — 150 АЕК (589 800 теңге)

ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға берген иесіне салынатын айыппұлдар: 

  • Жеке тұлға — 50 АЕК (196 000 теңге) 
  • Шағын бизнес / лауазымды тұлға — 100 АЕК (393 200 теңге) 
  • Орта бизнес — 150 АЕК (589 800 теңге) 
  • Ірі бизнес — 200 АЕК (786 400 теңге)

Тәртіп бұзғандар қалай анықталады 

Құжатқа қол қою кезінде ЭЦҚ-ны шын иесі қолданды ма, жоқ па, оны бірден анықтау мүмкін емес. Мұндай жағдайлар көбіне тексеріс барысында немесе қылмыстық істер аясында белгілі болады. 

ЭЦҚ-ны басқа адамға беруге не үшін тыйым салынған болмайды 

Электрондық цифрлық қолтаңба адамның жеке қолының цифрлық баламасы. Ол жылжымайтын мүлікке қатысты түрлі қызметтерде кеңінен қолданылады. 

Мысалы: 

  • Жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамалар алу (меншік құқығы, ауыртпалықтың болмауы және т.б.); 
  • Пәтер немесе үйге меншік құқығын тіркеу; 
  • Тұрғын үй кезегіне тұру; 
  • Зейнетақы қаражатын шешу; 
  • Мемлекеттік органдарға жүгіну («Е-Өтініш» арқылы және т.б.). 

Сондықтан ЭЦҚ-ны басқа адамға беру  өте қауіпті. Тіпті баспанаңыздан айырылып қалу қауіпі де жоғары.

Айта кетейік 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді. Енді бұл қызмет толық онлайн форматқа ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыз