Студент үшін пәтер жалдау: қайдан іздеу керек, алданып қалмаудың жолдары

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Студенттер Алматыда пәтерді қанша теңгеге жалдай алады? / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда тамыз-қыркүйек айларында жалға берілетін баспана нарығының саудасы қыза түседі. Өңірлерден келген мыңдаған студент ЖОО мен колледжде оқу үшін ірі қалаларға көшіп келеді. Қолжетімді пәтерге сұраныс артып, алғаш рет жалға пәтер іздегендерде көптеген сұрақтар туындайды. Көбісін алаңдататын сұрақтар арзан пәттерді қайдан табуға болады, алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек, жалдау шартында қандай мәліметтер болуы тиіс? Krisha.kz мамандары осы сауалдарға жауап беріп, пайдалы  кеңестерімен бөлісті.

Жатақхана бәріне бірдей жетпейді 

Krisha.kz сату бөлімінің жетекшісі Имран Османовтың айтуынша, ірі қалаларда, әсіресе Алматыда, студенттер тарапынан сұраныс жыл сайын жоғары болады.

«Жыл сайын Алматыға шамамен 200 мың студент келеді, оның 120–140 мыңы – өңірлерден. Олардың көбі жатақханадан орын ала алады, дегенмен көпшілігі достарымен бірге немесе жеке пәтер жалдауды жөн көреді»,– дейді Имран Османов.

Мәліметтерге сүйенсек, Алматыда студенттерге арналған жатақхана тапшылығы шамамен 10 мың орынды құрайды. Ал Астана мен басқа қалаларда орын жеткілікті.

Студентке баспананы қайдан іздеу керек? 

Көп студент оқу орнына жақын жерде тұрғысы келеді. Алайда Алматыдағы көптеген университеттердің орналасқан жері  баға қымбат аймақтар. Сондықтан пәтерді сәл қашығырақ аудандардан іздеу тиімді болуы мүмкін. Бұл жағдайда мына факторларға назар аударған жөн:

  • Көлік қатынасы — автобустар, метро немесе экспресс-маршруттар қатынайтын ыңғайлы аудандар уақытты үнемдеуге көмектеседі. 
  • Инфрақұрылым — дүкен, дәріхана, асхана мен спортзалдың жақын орналасуы күнделікті шығындарды азайтады. 
  • Қауіпсіздік — кешке үйге кеш қайтатындар үшін ауданның тыныштығы аса маңызды.

Алматыдағы студенттерге қолайлы аудандар 

Алматыда студенттер пәтер жалдау үшін Тастақ, Сайран, Саяхат және Шұғыла шағын аудандарын қарастырғаны жөн.

«Бұл аудандарда метро жақын, көлік желісі ыңғайлы және бағалар салыстырмалы түрде қолжетімді», — дейді сарапшы Имран Османов.

Сондай-ақ, ол Әуезов ауданына назар аударуға кеңес береді. Әсіресе цифрлық шағын аудандар, Таугүл, Жетысу-1, 2, 3 сияқты шағын аудандарды таңдаған абзал.

Бұл аудандар «Момышұлы», «Сарыарқа» және «Москва» метро станцияларының маңында орналасқан. Метро бағыты бойында орналасқандықтан, университетке жету уақыты көпке созылмайды.

Лайфхак: бірінші немесе соңғы қабаттағы пәтерлерге назар аударыңыз. Мұндай пәтерлер көбіне арзан болады, ал жайлылық жағынан айырмашылық аса байқала бермейді.

Пәтер жалдау қанша тұрады 

Мысалы, Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысы маңындағы ауданды алсақ (мұнда бірнеше жоғары оқу орны орналасқан), 1 бөлмелі пәтерді жалдау құны айына 300–350 мың теңгеден басталады. 

2–3 бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы — 600–700 мың теңге шамасында.

Бағаларды салыстырайық:

Әуезов ауданында, сарапшы атаған ықшамаудандарда пәтер жалдау бағасы әлдеқайда арзан. Ал метро арқылы орталыққа дейін небәрі 4–5 станция, шамамен 15 минут жол.

  • 1 бөлмелі – айына 120–200 мың теңге; 
  • 2 бөлмелі – айына 200–250 мың теңге; 
  • 3 бөлмелі – айына 300–350 мың теңге.

Пәтер жалдау кезінде ақшаны қалай үнемдеуге болады

Пәтерге қосымша тұрғын алу арқылы жалға алу, бұл  пәтердегі бір бөлмені жалға алу деген сөз.  Ыңғайсыз тұсы ас үй мен дәретхана ортақ болады, бірақ бөлменің жалдау құны бөлек пәтерге қарағанда әлдеқайда төмен болады. Коммуналдық шығындар да бірге төленеді. Алматыда бөлменің орташа бағасы айына 60 мың теңгеден басталады.

Бөлісіп жалға алу — пәтерді 2-3 адам бірге жалдап, төлемді бөліседі. Мысалы, 250 мың теңгелік пәтерді екі адам жалдаса, әрқайсысына шамамен 120 мың теңгеден тиеді.

 Егер бірден екі немесе үш адам бірге пәтер іздесеңіз, жалға беру келісімшартын дұрыс жасаңыз, онда тұратын адамдардың санын көрсетіңіз.

Алаяқтарға алданып қалмас үшін

  • Пәтерді көрмей, меншік иесінің құжаттарын тексермей алдын ала ешқандай ақша төлемеңіз.
  • Меншік иесінің кім екенін міндетті түрде растаңыз. Жеке куәлігін және пәтерге құқықты растайтын анықтамасын (оны телефоннан онлайн тапсырыс беруге болады, 5 минутта дайын болады) сұраңыз. Немесе сатылым келісімшартындағы меншік иесінің атымен салыстырыңыз.
  • Тек меншік иесімен ғана жалдау келісімшарты жасаңыз және жалдау ақшасын тек сол адамның атына төлеңіз. Бұл сіздің құқықтарыңызды қорғайды.

 Келісімшартта неге мән беру керек 

  • Жалдау ақысының мөлшері. 
  • Төлем мерзімі (мысалы, әр айдың 30-ына дейін). 
  • Жалға алу мерзімі мен келісімшарттың жарамдылық уақыты. 
  • Тұрғындар саны. 
  • Тұрмыс шарттары: пәтерде шылым шегуге, жөндеу жасауға, жиһазды ауыстыруға бола ма және т.б. 
Сондай-ақ оқыңыз